Павлодарда жазғы кезеңде Маралды ауылының тұзды көл бағытына маршрут жіберілді

Туристік маршрут құрылымының даму мақсатында және тұрғындардың және қала қонақтарының жол жүру мүмкіндігі Маралды ауылының тұзды көлінде Павлодар қаласының автобекеті – Павлодар ауданы Маралды ауылындағы тұзды көл бағыты бойынша кіші классты автобус (18-22 отырғызу орындық саны) жұмысы ұйымдастырылды.

2017 жылғы 24-25 маусымнан бастап әрбір демалыс күндері орталық автобекеттен тікелей Павлодар ауданы Маралды ауылы тұзды көлге дейін маршрутқа қызмет көрсету ұйымдастырылатын болады.

Автобустар автобекеттен сағат 8:00 және 15:00 уақытта жіберіледі.

Маралды ауылы тұзды көлден сағат 11:00 және 18:00 уақытта жіберіледі.

Бір адам үшін жол жүру ақысы 350 теңге. Билеттерді Автобекет кассаларында алуға болады.

Қажеттілігіне қарай маршрутта автобустар саны ұлғайтылады.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа