«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидасын (бұдан әрі Қағида) талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидасын (бұдан әрі Қағида) талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Тыңдаулар Павлодар қаласы Кривенко, көшесі 25, 501-бөлме мекен-жайы бойынша 2018 жылғы 9 ақпанда өтеді.

Қағида жобасы zhkh.gov.kz  сайтында орналасқан.

Қағиданы әзірлеуші «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, жобамен қағаз түрінде Павлодар қаласы Кривенко, көшесі 25, 509-бөлме мекен-жайы бойынша танысуға болады. Материалдарды электронды тасығышта алуға сұрату, ұсыныстар және ескертулер zhkh.gov.kz  электронды мекен-жайға жіберуге болады. Анықтама алу үшін тел.: 324287.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа