Жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына Конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру

  1. Жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобиль тасымалдарының маршруттарына қызмет көрсету құқығына Павлодар қаласы әкімінің аппараты 2019 жылғы «29» қарашада Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй 506-кабинетте Конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде әрекет ететін автобус маршруты қойылады:

 

№ 1 Лот: № 6 автобус 1 класты үлкен сыйымдылықты маршруты;

 

  1. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында
    немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік етуші кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Павлодар қаласы әкімінің аппаратына Конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй, 522-кабинетке ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық кұжаттарды алуға және Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 2019 жылғы «14» қарашада.
  4. 2019 жылғы «01» қарашада Конкурстық комиссия Конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі Конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
    7. Анықтама үшін 321996, 616076 телефондардан білуге болады.

 

 

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

 

2019 жылғы 26 қараша жарияланған

Accessibility