НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

         Түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар еңбеккерлерін және қала мен аудан тұрғындарын төмендегі туралы ескертеді:

Павлодар облысының аумағы арқылы өтетін барлық 110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері кернеу қатысында. Электр жеткізу желілері авариялық ажыратылған жағдайда, соның ішінде сымның үзілуі, тіректердің құлауы электр энергиясының іркілісіне әкеп соқтырады және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің қорғау аймағы әуелік электр жеткізу желілерін бойлай, кернеу класына байланысты желінің екі жағы бойынша шеткі сымдарадан 20-55 метр аралығындағы тік жазықтықтармен шектелген жер телімі мен әуе кеңістігі түрінде орналастырылған.

110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің қорғау аймамағында төмендегідей іс-әрекеттерді жүзеге асыруға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

1.Желілер қарауында тұрған ұйымға жер пайдаланушылардың алдын ала жазбаша хабарламасынсыз мынадай ауыл шаруашылық егін жұмыстарын атқару жер жырту, пішен жинап, тасу, жайылма суару.

2.Ауыл шаруашылық дақылдарын қолмен өндеу, сондай-ақ автотракутор техникасының тоқтауы немесе тұруы.

  1. Жалпы биіктігі жүкпен және жүксіз жол немесе жер бетінен 4,5 метрден астам машиналар мен механизмдердің өтуі.
  2. Кез келген ғимараттар мен имараттарды құру, күрделі жөндеу, қайта құру немесе құлату.
  3. Тау-кен, тиеп-түсіру, жер қазу, қопару, мелиорация жұмыстарын жүргізу, ағаштар мен бұталар отырғызу және шауып алу, дала қостарын орналастыру, малқашасын жасау, сым қоршау орнату, ауыл шаруашылық дақылдарын суару.
  4. Сымдарға, тіректерге бөгде заттар тастау және жақындату, тіректерге шығу.
  5. Қоқыс тастайтын жер құру.
  6. Жанғыш материалдар қоймалау, от жағу, қамыс пен шөпті жандыру.
  7. Электр тораптары иелерінің арнайы ұйғарымынсыз 1150 кВ-тық әуе желілерінің маңында жұмыс жүргізу.

Ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың кінәсімен электр жеткізу желілерінін зақымдау кезінде, зиянды өтеу олардың есебінен авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындауға жұмсалатын шығындар сметасына сәйкес, толық көлемде, белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

 

 

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!!

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар еңбеккерлерін және қала мен аудан тұрғандарын төмендегі туралы ескертеді:

Павлодар облысының аумағы арқылы өтетін барлық 110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері кернеу қатысында және олар тек Қазақстан Республикасы бойынша ғана емес, Ресей Федерациясына да электр энергиясын жеткізеді.

Әуе желілерінің элементтерін (темірбетон тіректерді, анкерлік тіректерден металл бұрыштықтарын және т.б.) ұрлау –айыппұлға ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айыру жазасына тартылып ауыр қылмыс. Ұрлаушылардың «женіл» ақшаны қуалап жүріп, түрмеге түсу, қалдыру қаупі бар.

Осыған ұқсас оқиғалар санының артуын тоқтатуға құр энергетиктер мен құқық қорғау орғандарының күші жеткіліксіз, Сондықтан біз Павлодар облысының азаматтарына «түсті» бизнес тек қылмыстық жазаланып қана қоймай, өмір үшін де аса қауіпті екендігін ескертеміз.

Accessibility